00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ертеңнен бастап «Әскери баспана» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

25.02.2023 | 14:22
Айман Нығмет
42

Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау «Баспана Маркет» порталында 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысуға келесідей тұрғын үй төлемдерін алушылар өтінім бере алады:

Банкте арнайы салымы барлар және сол салымдары бұрын онлайн-табыстау арқылы сатып алынған салыммен біріктірілмеген жағдайда;«Әскери баспана» бағдарламасына қатысуға өзекті өтінімі жоқ азаматтар үшін; «Әскери баспана» бағдарламасы шеңберінде қарыз алу үшін өзекті несиелік өтінімі жоқ азаматтар үшін; Бағдарламасы шеңберінде алынған несиесі жоқ адамдар.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін автоматты режимде негізгі және резервтік тізімдер қалыптастырылатын болады. Тізімдер тұрғын үй төлемдерін алушылардың арнайы салымдарына жинақталған сыйақының ең көп сомасы негізінде құралады. Яғни, тізімге арнайы салымдарда тұрғын үй төлемдерін тұрақты түрде жинақтаған алушылар енгізіледі. Негізгі немесе резервтік тізімге өту немесе өтпеу туралы мәртебені «Баспана Маркет» порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.

Бағдарлама бойынша толық ақпарат «Отбас банктің» ресми сайтынан оқи аласыз.

Барлық жаңалықтар