00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Қыздарды зорлайды»: елордалық полиция Назарбаев Университетінде тексеріс бастады (ВИДЕО)

25.02.2023 | 14:07
ҒаниАтымтай
49

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлауға қатысты, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсетуге қатысты бірнеше фактіні білетіні туралы айтқан.

Видеоүндеу «Есіл« ауданының полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізіп жатыр. Толығырақ кейінірек хабарлаймыз! - делінген Рolisia.kz Telegram-каналында.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Назарбаев Университетінің Адина есімді студентінің үндеуі жарияланды. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, университет қабырғасында қыздар зорлыққа ұшырайды. Алайда бұл туралы ешкімге айта алмайды. Студент өзіне де азғындық жасамақ болғанын, мұндай әрекетке баратындар арасында профессорлар мен оқытушылардың да болуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

Студент өз видеосын TikTok желісінде жариялаған. Айтуынша, университетте құрбысын зорлаған ер адам екінші құрбысын да жыныстық қатынасқа түсуге көндірмек болыпты. 

Зорлаған адамды университетте көпшілігі таниды. Тіпті бір клубтың президенті де болған. Ал екінші құрбыма бір көргенде жағымды ер адам алымсақтық жасаған. Тағы бір жағдайда мен екі қызбен жасырын түрде жұмыс істедім. Ол екеуін бір адам зорлаған, ал үшіншісі оның құрбаны бола жаздады, – деді ол. 

Оның сөзінше, қыздардың зорланғанына ешкімнің сенгісі келмейді. Себебі зорлық көрсеткендер өз ортасында танымал әрі бір көргенде момын болып көрінеді дейді. 

Зорланған қыздардың бірі ешкімге айтпастан университеттен кетіп қалды. Өйткені ештеңе айта алмады, айтса, барлығы өзін кінәлайтын еді, достары аралспай кетеді. Солай болды да. Өзін зорлаған адамның кесірінен оқудан кетті, университетте ешкіммен араласпайды. Өзге қыздар мұны психологиялық тұрғыдан көтере алмады. Бәлкім, оқып жүрген шығар, бәлкім, кетіп қалған шығар, – деді студент қыз. 

Студент мұндай жағдай өзінің де басынан өткенін мәлімдеді. 

Маған және 16 жастағы қызға зертханада жұмыс істейтін стафф азғындық жасамақ болды. Профессор да, өзге қызметкер де мұндай әрекетке бара алады, – дейді ол. 

 

Барлық жаңалықтар