00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

2024 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемдер 7 пайызға артады

03.09.2023 | 10:30
52
Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру қорынан адамның еңбекке қабілеттілігінен немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жасалатын төлемдерді 7 пайызға арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлады Elorda.info. 

Онымен Ашық НҚА порталында танысуға болады. 

"Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген жобада. 

Министрліктің түсіндіруінше, бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр. 

Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 15 қыркүйекке дейін. 

Барлық жаңалықтар