00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

2023 жылы әскер қатарын қанша азамат толықтырды?

11.01.2024 | 08:00
64
Фото: дереккөз

Шақыру шаралары екі кезеңде: көктем мен күз айларында ұйымдастырылды. Әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің арқасында бұл науқандар мерзімінен бұрын аяқталды.

37 мың әскерге шақырылушының 16 мыңнан астамы Қарулы күштерге жіберілді. Қалған 21 мың азамат Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерін толықтырды.

Қорғаныс министрлігінің мүдделі мемлекеттік органдар қолдаған әлеуметтік бастамаларының қатарында кредиттік демалыстар, мерзімді әскери қызметін өткергендерге білім алу жеңілдіктерін беру және сарбаздарды жұмысшы мамандықтарына оқыту секілді маңызды мәселелер бар, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Қазіргі таңда 4 мыңнан астам сарбаздың 1,5 млрд теңге сомасындағы несиелері кейінге қалдырылды. Өткен жылы мерзімді қызметін өтеген 615 адам ҰБТ тапсырмай, азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына оқуға түсті.  Оқу орталықтарында экономиканың нақты секторында сұранысқа ие 15 әскери-есептік мамандық бойынша 1 195 әскери қызметші дайындалды.

Айта кетейік, алдын ала мәліметтер бойынша 2024 жылы 170 мыңнан астам адам тіркелуге жатады.

Барлық жаңалықтар