00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Электронды үкімет порталының дизайны өзгереді

25.02.2023 | 09:26
Елорда ақпарат
37

(eGov.kz – автор) адамдарға жағымды болуы үшін оның дизайнын өзгертеміз және онда қазақ тілін дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді министр.

Қазіргі таңда электронды үкімет порталының 10 млн-нан аса қолданушысы бар.

(eGov.kz-ті – автор) түсініксіз деп айтуға болмайды. Бүгінде оның 10 млн-нан аса қолданушысы бар. Бірақ оны түсінікті ету үшін күнделікті жұмыс жасап жатырмыз. Арнайы жұмыс топтары бар. Олардың құрамына сіздерді (журналистерді) қосуға болады. Менің ойымша, (eGov.kz – автор) түсініксіз болса, бүгінде 10 млн-нан аса халық оны қалай пайдаланып жүр? Олар біздің жүйемізге кіріп, цифрлық құжаттарды пайдаланады және тағы басқа қызмет түрлерін алады. Мен сізге статистиканы алып берейін, - деді Бағдат Мусин.

Барлық жаңалықтар