00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

20 миллионыншы тұрғындарға 2 млн теңгенің депозит сертификаты беріледі

16.11.2023 | 08:42
48
Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Л.Ибрагимованың мәліметінше, қазіргі уақытта «Отбасы банкінде» балаларға арналған 299 579 депозит бар. Оның ішінде 5 жасқа дейінгі балаларға 50 140 мыңнан астам жинақ шоттары ашылған. Ал 1 жасқа дейінгі ең кішкентай клиенттердің атында 12 мың 721 депозит бар. 

Сондай-ақ, ол «Отбасы банк» еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған балалардың болашағына өз үлесін қосқысы келетінін хабарлады. 

Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналдық құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес, ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады. Сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналары өз қаласындағы банк бөлімшесіне келіп және видеобанкингпен жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсету керек. Бұл үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі, - деді банк төрайымы.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев жаңа туған жиырма миллионыншы қазақстандықтарға ерекше үлгідегі туу туралы куәлік берілетінін атап өтті.

Барлық жаңалықтар