00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Креслосы да жоқ су жаңа министр қанша жалақы алатынын білмейтін болып шықты

25.02.2023 | 08:49
Елорда ақпарат
40

Менде кабинет пен ғимарат та, кресло да, қызметкер де жоқ. Креслоны әлі табу керек. Кабинетті енді береді. Әзірше біз бұрынғы Білім және ғылым министрлігінің ғимаратында отырмыз. Бүгінде министрлікті екіге бөлу жұмыстары басталды. Бірақ бұл сәл күрделі процесс. Бізге қазір үлкен әкімшілік ауыртпашылық түседі, - деді министр.

Оқи отырыңыз: Құдайға шүкір, салафизмге қатысым жоқ – министр

Оның айтуынша, ендігі мақсат – министрлікті құрып алу, әлі талай жұмыс көп.

Биыл мен 41 жасқа толдым. Соңғы 15 жылда жинаған барлық ұсыныстарды жинақтап, өз бастамаларымды жүзеге асыруға өмірімде бірінші рет мүмкіндік берілді. Бір жағынан іштей қобалжып тұрмын. Үлкен үміт те бар. Халқымызға қызмет етіп, ең бастысы Президенттің сенімін ақтау керек. Жалақымды шын білмеймін. Менің келісімшартым әлі жоқ. Заң тұрғысынан министрлік (Ғылым және жоғары білім министрлігі – ред.) әлі құрылған жоқ. Үкіметтің қаулысын дайындап, жұмысты өзіме қабылдауым керек, - деді С. Нұрбек.

 

Барлық жаңалықтар