00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін

25.02.2023 | 08:35
Елорда ақпарат
34

Inform.kz. vәліметінше, БҰҰ Бас хатшысы мен әлем елдерінің көшбасшылары және олардың техникалық командалары алдағы уақытта болуы мүмкін азық-түлік дағдарысын еңсеруге қатысты шешімдерді ұсынып жатыр.

 «Украинадағы жағдайға байланысты азық-түлік қауіпсіздігі саласында қауіп-қатер бар. Дегенмен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мәселелер барша әлемдегі пандемия мен локдаундардан бастау алып отыр. Себебі індет салдарынан әлем елдері арасында өнімді жеткізу тізбегі бұзылған болатын. Ал соғыс жағдайы бұл қиындықтарды ушықтыра түсті», - деді А.Мұхаммед.

Оның айтуынша, қымбаттап бара жатқан азық-түлік бағасын түсіру үшін бидай тасымалы бағытында Қара теңіздегі қарым-қатынасты жандандыру керек. Алайда бұл дағдарыстың мән-жайын дұрыс түсінген жөн. Яғни, соғыс аяқталмаса, проблемалардың салмағы да ауырлай береді. Биыл азық-түлік дағдарысының салдарын аса қатты сезінбесек те, алдағы жылы бұл саладағы проблемалар ауқымды болуы мүмкін.

Айта кетейік, Халықаралық Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының басшысы Цюй Дунъюй Украинадан тасымалданатын жүктің қысқаруы Африка мен Азиядағы азық-түлік тапшылығы қаупін күшейтетінін ескертті. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияға сапары аясында Қазақстанға келген БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммедті қабылдады. А. Мұхаммед Бірікке Ұлттар Ұйымы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын атап өтті.

Барлық жаңалықтар