00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Рамазан айында миллионнан астам адам көмек алды

25.02.2023 | 06:37
Елорда ақпарат
41

«Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бойынша 15 мұқтаж отбасыға 15 үйдің кілті берілді.

Науқас жандарды, әсіресе ауыр сырқатқа шалдыққан сәбилерді қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» және «Үміт сыйла сәбиге» акциялары аясында өтініш білдірген 2 102 адам еміне көмек алды.

Одан бөлек әлеуметтік желілерде жарияланған бір көзін зақымдап алған 9 жасар Диананың өтініші ескеріліп, оған Түркия мемлекетінде ота жасауға қаржылай көмек берілді. Сонымен бірге Мүмкіндігі шектеулі 11 балаға қолданысына қажетті заттар алып берілсе, Зағиптар қоғамының өтініші бойынша «шоудаун» теннис үстеліне көмек көрсетілді.

Барлық жаңалықтар