00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы ақшаларын алуға асығып жатыр

25.02.2023 | 03:04
Елорда ақпарат
42

Orda.kz сайтының жазуынша, соңғы үш күнде 157 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Басты мақсаттарға «Отбасы банкіндегі» депозитті толтыру, емделу, бұрыннан бар ипотеканы ішінара өтеу кіреді.

Бір қызығы, қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан сұрайтын ең төменгі сомасы – 200 теңге екен. Өтініш бергендердің орташа жасы 36-45 жас аралығында. Платформаны қолданушылардың көпшілігі ер адамдар.

Бар болғаны бір жылдың ішінде 1,5 миллионнан астам  өтініш өңделіп, БЖЗҚ-ға жіберілді. Соңғы күндері платформа сағат сайын 1000-нан астам өтінімді қабылдауда.

Барлық келіп түскен өтініштерді уақытында өңдеуге және жаңаларын қабылдауға үлгеру үшін «Отбасы Банкі» қызметкерлері Наурыз мейрамында жұмыс істейтін болады.

Тапсырысты қашықтан толтыру үшін депозит немесе арнайы шот ашуға болады. Ол үшін 300 нөміріне қоңырау шалу немесе бейнебайланыс арқылы оператормен банк сайтына хабарласу қажет.  Бұл қоңыраулар 19, 20, 21 және 22 наурыздағы демалыс күндері де қабылданады.

Сондай-ақ платформа қазақстандықтарға тәулік бойы, соның ішінде демалыс және мереке күндері де қолжетімді болады. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының  шектемесі  өзгереді.

Қазақстандықтар зейнетақы «артығын» алуға асығуда

Қазіргі шарттарды пайдалану үшін қазақстандықтар 2022 жылдың 29 наурызына дейін enpf-otbasy.kz платформасында өтінім беруі қажет.

«Отбасы банкі» өтінішті 2 күн ішінде қарап, БЖЗҚ-ға жібереді. БЖЗҚ 2022 жылғы 31 наурызға дейін қабылдаған өтінімдер бойынша ЭПҰ 2022 жылғы 1 сәуірге дейін жарамды шекті мәндерге сәйкес төленеді.

Азаматтардың өтініштерінің көп болуына байланысты бірнеше күн бойы платформа жұмысының нашарлауы  байқалды. Қазір оның жұмысы қалпына келтірілді.

Барлық жаңалықтар