00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Семейде 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

25.02.2023 | 02:37
Елорда ақпарат
40

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Румия Нысанбекова 10 наурызда жоғалып кеткен.

18 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кетті. Сол күні үстіне қара-жасыл түсті күртеше мен сары қалпақ киген. Сондай-ақ қолында қара сөмкесі болған, - деп хабарлады полициядан.

Қазіргі уақытта іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер тартылған. 13 наурызда отызға жуық адам оны дрон арқылы іздеді.

Осы ретте, полиция қызметкерлері бойжеткеннің қайда екендігі туралы қандай да бір мәліметі барларға 8(747)349-57-17,8(771)349-57-17 нөмірлеріне немесе «102» жедел арнасына хабарласуға шақырды.

Барлық жаңалықтар