00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Қариялар – ел қазынасы» республикалық ақсақалдар форумы өтті

25.02.2023 | 01:51
Елорда ақпарат
45

Форумға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Өмірзақ Озғанбаев, Мұрат Жұрынов, Жабал Ерғалиев, Шалатай Мырзахметұлы, Марат Тоқашбаев, сондай-ақ өңірлерден келген ақсақалдар қауымы қатысты.

Ең алдымен форум қатысушыларына Мемлекеттік хатшы Ерлан Кариннің құттықтау сөзі оқылды.

Бұдан әрі вице-министр өтіп жатқан форум ҚМДБ-ның ағартушылық қызметіне жаңа серпін беріп, қоғамдағы ақсақалдар институтының рухани маңыздылығын арттыратынын атап өтті.

Серік Егізбаев ақсақалдардың терең даналыққа толы тарихи өнеге, өсиеттері қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтардың сабақтастығын сіңіруге көмектесетінін жеткізді.

Сонымен қатар, вице-министр бүгінгі күні мемлекетімізде аға буын мен өскелең ұрпақ сабақтастығын ұштастыру міндетіне кеңінен тоқталып, ақсақалдар кеңесімен бірқатар сұрақтарды жан-жақты талқылады.

Атап айтқанда, жастардың деструктивті діни ағымдардың қатарына кетпеудің алдын алу мақсатында ата-бабалар ұстанған дәстүрлі сара жолды түсіндіру, оларға өмірлік бағыт-бағдар беру, қоғамдағы отбасы құндылықтары, соның ішінде жанұяларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан сақтау жолдары туралы ортақ пікір алмасылды.

Барлық жаңалықтар