00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Карантин: Елордада жаңа қаулыға қол қойылды

25.02.2023 | 01:07
Елорда ақпарат
39

Құжатқа сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтары Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіру үшін Ashyq мобильді қосымшасын пайдалануы қажет. Бұдан басқа, қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық аспан астында болған кезде (бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылданған кезде) бетперде тағу, арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Қала тұрғындары арасында вакциналау және ревакциналау жүргізәлген-жүргізілбегендігі қатаң бақыланып, талаптар күшейтілетін болады.

Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Барлық жаңалықтар