00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстан астанасы Қостанайға көшіріледі – фейк

24.02.2023 | 23:51
Елорда ақпарат
20

Алайда, Stopfake.kz сайтының жазуынша, ресми дереккөздерінде мұндай мәлімет берілмеген.

Еліміздегі негізгі БАҚ-та да мұндай хабарлама жарияланбаған. Сондай-ақ ресми Akorda.kz порталында да астанамыздың ауысатыны жөнінде дерек жоқ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің Twitter-дегі парақшасында мұндай ақпаратты жариялаған жоқ. Сонымен қатар Президенттің баспасөз қызметінің ресми Twitter парақшасында да Қостанай қаласының астана болатыны туралы жазылмаған.

Ешқандай дереккөзде Президенттің астананың Қостанай қаласына ауысатыны туралы мәлімдемесі жоқ, демек ақпарат – жалған.
 

Барлық жаңалықтар