00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Ақырзаманның белгісі ғой»: тойдағы жігіттің әрекеті жұрттың қызу талқысына түсті (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:11
Елорда ақпарат
40

Бейнежазбаны қарасақ, тойда асаба ұйымдастырған ойын шартының бірі ортаға қыз болып киініп шығу болған тәрізді. Ойын қатысушысы қыздың мүсініне ұқсайтын образбен ортаға шығады. 

Желі қолданушыларының көбі мұндай бейбастақтыққа асабаны кінәлауда.

«Тамаданы жауапқа тарту керек бейәдеп ойын ойнатқаны үшін. Ақырзаманның белгісі ғой», «Тойда күлдірем деп осыншама масқара болуға бола ма, қазақтың жігіттері-ау? Тамадаға бәрібір, ұят жоқ», «Асабаларды жауапқа тартып, соттау керек. Мынау сұмдық қой!» – десті оқырмандар.

Қолданушылардың енді бірі ойынға шыққан жігітке наразы.

«Анасы, қарындасы бар ма екен өзінің?», «Еркек деген намыс қайда?», «Ұсақталып барады жастар» деп жазды. 

 

 

Барлық жаңалықтар