00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Самұрық-Қазына» басшылығының асығыс шешімдер қабылдай бастағанын көріп отырмыз - депутат

24.02.2023 | 22:34
Елорда ақпарат
39

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын қайта қарау туралы тапсырма берді. Қоғамда қордың тағдырына қатысты пікірталас басталды. Дегенмен мамандардың құзырлы әрі кәсіби пікірін хайп пен популизм толқыны басып бара жатқаны ерекше алаңдатып отыр. Осы жағдайда қордың басшылығы пысықталмаған әрі асығыс шешімдер қабылдай бастағанын көріп отырмыз. Бұл өз кезегінде теріс салдарға алып келуі мүмкін. Осыған байланысты қорды жаңғыртуға қатысты жоспарлы, қадамдық жұмыстарға оралу керек деп санаймыз, - деді А. Жамалов.

Оның айтуынша, қор қызметіне қатысты шешім қабылдау мен оның ұйымдастырушылық құрылымын өзгерту кезінде қордың сыртқы қарыздарын назарға алу керек. Егер қорды реформалау бойынша шешімі пысықталмай жасалса, бұл өз кезегінде кредиторлар арасында дүрбелең тудыруы мүмкін. Олар кез келген уақытта пайыздық мөлшерлемені көтеріп, қарызды мерзімінен бұрын жабуды талап етуі ықтимал. Осы міндеттемелер бойынша кейіннен Үкімет жауап беретін болады.

Барлық жаңалықтар