00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Пожарный и спасатель Казахстана» журналына жазылудан бас тартамыз – подполковник

24.02.2023 | 20:55
Елорда ақпарат
51

12 өрт сөндіру бөлімінде «Пожарный и спасатель Казахстана» ведомстволық журналына жазылудан және өзім басқарып отырған жеке құрамға үгіт-насихат өткізуден бас тарттым. Себебі, жоғарыда көрсетілген журнал неге «Қазақстанның өрт сөндірушісі және құтқарушысы» деп аталмайды. Мен басқарып отырған №12 өрт сөндіру бөлімінде 1 қызметкер орыс ұлтының өкілі, 81 қызметкер қазақ ұлты, сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінде 90% қызметкерлер қазақ ұлт өкілі. Қазақстан Республикасы Егемендік алғанына биыл 30 жыл, ТЖМ құрылғанына 25 жылдан асты, солай бола тұра біз жетім баланың күйін кешіп жалтақтаймыз құлдық көзқарастан арыла алмай келеміз. Тәуелсіз Егеменді елдің азаматы ретінде мемлекеттік тілдің дамуына нұқсан келтіретін журналға тек мемлекеттік тілде атауын өзгертіп және мемлекеттік тілде шыққан жағдайда 2022 жылға жазылатынымызды мәлімдедік. Сол уақыттан бастап ҚР ТЖМ Нұр-Сұлтан қ. ТЖД (Нұр-Сұлтан қ.) «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшылық құрамы тарапынан жеке құрамға қысым көрсету және арандату, жеке құрам арасына іріткі салу, жылдық сыйақыдан, жыл қорытындысы бойынша тапсыратын тестілеуден өте алмайтыны туралы ескерту фактілері орын алуда. Бұл жағдай қазіргі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшылық құрамының Қазақстан Республикасы Егемендік алғанына биыл 30 жыл мерейтойына арнап отырған сыйы немесе өздері атқарып отырған лауазымдарын сақтап қалудың қожайындарының алдында бірден бір жолы екенін түсініп отырған түрлері шығар, – деп жазды ол өзінің facebook-парақшасында.

Подполковник өз сөзінде анаң сөйлеген тілді, Анаңның ақ сүтімен бойыңа дарыған тілді құрметтемей, өз тіліңе қарсы үгіт-насихат жүргізу өзің өсіріп отырған балаңның болашағына балта шабумен тең екенін айтты.

Қазақ тілі – Қазақстанда туылып, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.

Қазақ тілі–тек қазақ халқының тілі ғана емес, мемлекеттік тіл, қазақ елін мекендеген барлық ұлттардың тілі екендігін ұмытпауымыз қажет..

Мемлекеттік органдар, баспасөз, кез келген қоғамдық орындарында қазақ тілінде жұмыс жүргізіліп, қазақ тілінің қолданылуына баса назар аударылуы тиіс. Кез келген қазақстандық азамат бір-бірімен қазақ тілінде қарым-қатынас жасайтын уақыт келді. Қазақ пен қазақ, әке мен бала, әріптес пен әріптес, көрші мен көрші қазақ тілінде сөйлескенде ғана тіл өсіп, өркендейді. Туған тілін мақтан ету, оны шұбарламай таза ұстау, өсіп өркендеуіне үлес қосу – кез келген азаматтың қасиетті борышы.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген Елбасы сөзі соның айғағы.

Тәуелсіз Егеменді елдің ұлтжанды азаматтары ретінде, « ҚР ТЖМ Нұр-Сұлтан қ. ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Нұр-Сұлтан қ.)» ММ 12-Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері атынан, жоғарыда аталған журналымыз алдағы уақытта «Қазақстанның өрт сөндірушісі және құтқарушысы» деп аталып, мемлекеттік қазақ тілінде шықса деген ұсынысымызды айттық.

Мен, Сырғабеков Бақыт Қаржаубайұлы, жоғарыда айтқан «Пожарный и спасатель Казахстана» журналы алдағы уақытта «Қазақстанның өрт сөндірушісі және құтқарушысы» деп аталып, ішіндегі мақалалары толық 100% мемлекеттік тілде шыққан жағдайда өзімнің желтоқсан айындағы айлығымның толық барлығына 2022 жылғы жазылу науқанына жұмсаймын, – деді 12-өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

Сөз соңында ол қазақ тілін мемлекеттік дәрежеде көтеріп, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан 12-өрт сөндіру бөлімінің қайсар да қайтпас жеке құрамына арнайтынын жеткізді.

 

Барлық жаңалықтар