00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Шешіп алу дегенді қою керек»: Қаржы сарапшысы БЖЗҚ-дағы ақша туралы айтты

24.02.2023 | 20:18
Елорда ақпарат
53

Менің ойымша, осы жылы инфляция кемінде 20% болды. Бірақ ресми статистика 7.8% көлемінде болып тұр. Статистика егер де әділ болғанда инфляцияны дұрыс санайтын еді. Егер де инфляцияны дұрыс санаса, халық бағалардың өскенін онша қатты сезінбеуі керек. Себебі инфляцияға қарай зейнетақы, басқа да әлеуметтік төлемдер өседі. Инфляция 30% болса, зейнетақы да 30%-ға өсуі керек. Шын инфляция 30% болып, ресми статистика 7.5% десе бағаның артынан зейнетақы қуалап жете алмайды. Артынан жете алмаған соң зейнетақы да жетпейді. Зейнетақы жетпеген соң, кейбір зейнеткерлер қайыршы болады. Өзім қайыр тілеген зейнеткерді көргенмін, – дейді ол. 

Сондай-ақ сарапшы былтыр көп адамға зейнетақы қорындағы артылған ақшалары таратылып берілгенін айтты.

Негізі мұндайды әлемде ешбір ел жасамайды-ау. Біз қазір 200 долларлық орташа зейнетақы алсақ, 20 жылдан соң да осы 200 доллардың айналасынан шыға алмасымызды білемін. Батыстағыдай жақсы зейнетақы алу үшін жақсы айлық болуы керек. Біздікіндей 400-500 доллар айлықпен зейнетақы да мизирьный болып қала береді. Керісінше зейнетақы көп болсын десек, біріншіден, зейнетақы қорындағы ақшаны долларға индекстеу керек. Әйтпесе құнын жоғалта беретін теңгемен жинағаннан пайда жоқ. Екіншіден, ол жақтағы жинақты 10%-дан да көбейту керек. Кемінде 15% болу керек шығар. Үшіншіден, байлардың лоббисі үшін артық ақшаны шешіп алу дегенді қою керек. Артылса, кедейлерге берсін, – дейді Сәбит Рысбай.

Барлық жаңалықтар