00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Қазақстанда былтыр 7 мыңға жуық оқушы қыздың жүктілігі тіркелген

24.02.2023 | 17:35
Елорда ақпарат
33

Жалпы Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы жүктілік жиі кездеседі. Статистикаға сүйенсек, 2019 жылы 6 мың оқушы жүкті болса, 3500-і түсік жасатқан. 2020 жылы 6724 қыз жүкті болып, оның 5639-ы босанған. Ал 1086 жасөспірім абортқа жүгініпті.

«Негізі біз заң бойынша 14 жасқа дейінгі баланың жалғыз өзін қабылдамаймыз. Ол ата-анасымен бірге келуі керек. Бірақ 14-тен асқан болса, өзі келуге рұқсат. Ең бастысы, отбасында жыныстық сауаттылық жабық тақырып болмауы керек. Оны балаға рет-ретімен дұрыс түсіндірііп отырған жөн», - дейді сексолог-психолог Гүлнұр Темірбекқызы.

Мамандардың айтуынша, соңғы кезде жаңа туған сәбиін дәретхана мен қоқысқа лақтырып тастау дерегінің жиілеуі де сол жыныстық сауаттың төмендігінен болып отыр. Сондай-ақ жасанды түсік көрсеткіші ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен салыстырғанда, бізде 6 есе көп екен.

Барлық жаңалықтар