00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Шағын және орта бизнестің қандай киберқауіпсіздік проблемаларына тап болатыны анықталды

24.02.2023 | 17:12
Елорда ақпарат
30

Қазақстандық компаниялардың үштен бірінде (36%) қызметкерлердің жеке құрылғыларында корпоративтік деректерді қалай қорғау туралы сұрақтар туындайды, бір қызметкерге бірнеше жұмыс құрылғысы тиесілі болуына байланысты 34%-ы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болады, 24%-ы қызметкерлер арасында цифрлық сауаттылықтың жетіспеушілігі проблемасын атап отыр. Компаниялардың 28%-ы қызметкерлердің электрондық пошта арқылы хат алмасу кезінде ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындығына және әрбір бесінші қызметкер (25%) жүйеге кіру үшін әрқашан жеке логин мен парольді пайдаланбайтындығына тап болады. Компаниялардың 22%-ы үшін АҚ саласындағы негізгі проблемалардың бірі – өздерінің IT-жүйелерінің заңнамалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

Сауалнама қазақстандық шағын компания өкілдерінің киберқауіпсіздік бойынша кеңестерге мұқтаж екенін көрсетті. Осылайша, 45%-ы деректердің таралып кетуімен қалай күресуді, 34% – бағдарламалық жасақтама шабуылдарынан қалай аулақ болуды және егер олар орын алса не істеу керектігін, 29% – бұлтты қызметтердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керектігін түсінгісі келеді.

«Барлық ұйымдарда, олардың мөлшеріне қарамастан, зиянкестер үшін өте құнды ақпарат бар, бұл зияткерлік меншік, қаржылық немесе жеке деректер. Бірақ, ірі корпорациялардан айырмашылығы, Қазақстандағы шағын және орта бизнес әсіресе нысаналы шабуылдарға бейім, өйткені бұл компаниялар киберқауіпсіздік тұрғысынан аз қорғалған. Осымен қоймай, зиянкестер ірі ұйымдардың желісіне ену бойынша көп кезеңді операциялар шеңберінде ШОБ ресурстарына қолжетімділікті пайдалануға ұмтылады. Бизнеске тек нысаналы шабуылдар ғана қауіп төндірмейді, көп жағдайда кездейсоқ құрбандарға бағытталған зиянды БҚ жаппай тарату барысында зардап шегу жиі болады», — деп түсіндірді «Kaspersky»-дің Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.

Аталған ұйым шағын компаниялардың иелеріне:

- арнайы жасалған тегін «Шағын бизнеске арналған киберқауіпсіздік парағын» зерттеуді;

- қызметкерлерге қауіпсіздіктің негізгі шаралары туралы үнемі ескертуді: күдікті хабарламаларды ашпау, әртүрлі есептік жазбалар үшін күрделі және әртүрлі парольдерді ойлап табу және оларды жиі өзгертуді ұсынады.

Барлық жаңалықтар