00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елорда тұрғындарының 80 пайызы халық санағынан өтті

24.02.2023 | 17:12
Елорда ақпарат
44

«Еліміздің барлық аймағында, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында жалпыұлттық халық санағы жүріп жатыр. Елордада ұлттық санақ қарқынды келеді. Олардың басым бөлігі онлайн форматта өтіп жатыр. Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 80 пайыздан астамы өтті. Елордалықтардың белсенділігіне алғыс білдіреміз. Халық санағы апта соңына дейін, яғни 30 қазанға дейін жалғасады. Статистика департаменті арнайы ұйымдастырған интервьюерлермен, сол сияқты қала әкімдігі қосымша бөлген волонтерлермен бірлесіп өткізіліп келеді», - дейді қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Әкім орынбасары сөзін жалғай отырып, елорда тұрғындарын халық санағынан өтуге шақырды.

«Жалпы мәлімет жинау үшін, сол сияқты еліміздің экономикалық даму стратегиясын анықтау үшін халық санағының рөлі зор. Бұл – әркімнің азаматтық борышы. Санақ онлайн немесе офлайн форматта өтеді. Онлайн форматта sanaq.gov.kz сайтынан өте аласыз. Ал офлайн форматта өту үшін арнайы келген интервьюерлерге есік ашып, сұрақтарына жауап беруіңіз керек», - деп сөзін аяқтады Малика Бектұрова.

Барлық жаңалықтар