00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Сыбайлас жемқорлық – заман індеті

26.09.2023 | 11:17
27
Фото: дереккөз

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде қоғамның тұрақтылығына, қауіпсіздігіне және дамуына кедергі келтіретін қауіпті індеттің бірі. Оның кез-келген көрінісі қоғамның барлық саласына кері әсерін тигізіп қана қоймай, мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді.

Сыбайлас жемқорлықты тек парақорлық ұғымымен ғана шектеуге болмайды, өйткені бұл осы құбылыстың бір қыры ғана. Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлық кеңірек ұғымды қамтиды, ол заңға және жалпы қоғамға зиян келтіретін заңсыз материалдық және құқықтық артықшылықтарды алуды білдіреді. Егер бұл дерт мемлекеттік билік пен басқару органдарына енетін болса, мұндай жағдайларда әкімшілік ресурстардың заңсыз пайдаланылуы кеңінен тарап, түрлі қылмыстық әрекеттерге әкеп соғуы мүмкін.

Сондықтан біз күнделікті жұмысымызда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және оларды мінсіз орындауға тиіспіз. Оған қоса, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің бұл талаптарды бұзбауын талап етуіміз керек. Бұл біздің ұйымның және жалпы қоғамның тұтастығын, ашықтығын және бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін басты шарт болып табылады.

Бүгінгі күні Алматы ауданының аппараты өз қызметі аясында осы келеңсіз құбылыспен күресу үшін түрлі шаралар мен бастамаларды қолға алуда. Аудан аппаратының негізгі міндеттерінің бірі – ашықтық пен жариялылық үшін жағдай жасау. Осы мақсатқа жету үшін жүйелі түрде тексерулер жүргізіліп, қаржылық іс-шараларға талдау жасалып, әлеуметтелік желілер арқылы азаматтарды ақпараттандырудың тиімді жүйелері енгізілуде.

Әкімдік сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресу үшін қоғаммен ынтымақтастықты дамытуды қолға алды. Ақпаратты арттыру және қоғамға деген адалдық пен жауапкершілікті тәрбиелеу мақсатында аппарат қызметкерлеріне семинарлар мен тренингтер өткізілуде.

Аудан әкімі аппараты жұмысының маңызды элементі азаматтардың өтініштерін қарауға жәрдемдесу. Ағымдағы жылы аудан әкімі ретінде жеке қабылдауымда 300-ге жуық азамат болып, 500-ден астам сұрақ талқыланды. Жеке қабылдауымда болған және әлеуметтік желілер арқылы әкімдікке жүгінген азаматтардың мәселелерін барынша жедел шешуге тырысамыз.

Сонымен қатар, ауданымызда тұрғындардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуде қаржыны басқару және бақылауға қатысуына бағытталған «Халық қатысатын бюджет» іске асырылып келеді. Бүгінгі күні осы жобаның аясында жоспарланған 49 аула алаңдарының 17-сі жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұл шаралардың барлығы ауданымызда тиімді жүйе құру және оны барлық азаматтар үшін қауіпсіз және ашық етуге бағытталған. Олар сондай-ақ мемлекет беделін нығайтуға және халық арасында оған деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

Мақсат Саматұлы, 

 Алматы ауданының әкімі

Барлық жаңалықтар