00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

ҰҚШҰ әскерлерін медициналық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

21.04.2023 | 23:00
37
Фото: ашық дереккөз

19-21 сәуірде Минскіде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының медициналық қызметтері өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.  

Жұмыс кездесуіне қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын ескере отырып, ҰҚШҰ әскерлерінде (ұжымдық күштерінде) алғашқы көмек көрсетудің бірыңғай тәсілдерін талқылауға және алғашқы көмек көрсету стандарттарын қалыптастыруға ерекше назар аударды. 

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің негізгі әскери-медициналық ұйымдарының мамандарына көмек көрсету үшін медициналық қамтамасыз етудің жекелеген бағыттарын стандарттау, қашықтықтан телемедициналық консультациялар жүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

2022 жылы Қазақстан Республикасында өткізілген бірлескен (арнайы) оқу-жаттығулар мен осы жылы ҰҚШҰ Ұжымдық күштерімен жоспарланған бірлескен оқу-жаттығуларды медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасу өтті, - делінген хабарламада.

Іс-шара қорытындысы бойынша әскери-медициналық қызметтердің басшылары ҰҚШҰ әскерлерін (ұжымдық күштерін) медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жетілдіру және дамыту жолдарын белгіледі.

Барлық жаңалықтар