00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді

22.04.2024 | 15:03
75
Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
Фото: дереккөз

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 25 сәуір күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлады Elorda.info.

Соған сәйкес Палатаның алдағы отырысында сенаторлар мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл заң Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында белгілеп берген тапсырмаларды орындау аясында депутаттардың бастамашы болуымен әзірленді.

Сондай-ақ Сенат отырысында «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» заң қаралады. Құжат саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, мәдени-гуманитарлық салалардағы және азаматтық қорғаныс пен энергетика бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Заң екі мемлекеттің Парламенттері, саяси партиялары және қоғамдық ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға да септігін тигізеді.

Сонымен қатар «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң да Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылды. Енгізіліп жатқан өзгерістердің негізгі мақсаттарының бірі – қолжетімді медицинаға мұқтаж елдердің дәрі-дәрмекке қолжетімділігін жеңілдету. Хаттама Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге патенттелген дәрілік заттардың авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз дәрілік заттарды әрі қарай экспортқа міндетті лицензиялар бойынша өндіруге құқық береді.

Алдағы бейсенбіде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң да қаралады. Бұл құжат тиісті саладағы заңнамаларды жетілдіруге арналған.

Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін комитеттерге бөлініп берілді.

Барлық жаңалықтар