00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Ресейлік депутатты Қазақстанға кіргізбей қойды

22.05.2023 | 16:30
49
Фото: Sputnik

Ресейлік депутат Константин Затулинді елге кіргізбей қойды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы РБК жазды.

Бұған дейін Затулин мемлекеттің аумақтық тұтастығына бірнеше рет күмән келтірген болатын.

Ведомствоның хабарлауынша, Константин Затулиннің «сапары қалаусыз деп танылып, паспорттық бақылау аймағынан өткізілмеді».

2022 жылы Затулин Қазақстан туралы бірнеше рет мәлімдеме жасады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ДХР/ЛХР-ны мойындамау туралы сөзіне түсініктеме бере отырып, ол «Қазақстандағы бірқатар облыс, халқының басым көпшілігі орыстар тұратын елді мекендердің Қазақстанға қатыстылығы шамалы» деп мәлімдеді. Дума депутаты екі ел арасында достық, ынтымақтастық және серіктестік болмағанда «Украинадағыдай бәрі мүмкін еді» дегенді де меңзеген.

Сол жылы қазақстандық банктердің «Мир» карталарын тоқтатуы туралы сұраққа жауап берген ресейлік депутат: 

Ресейде Қазақстанға өзінің алаңдаушылығын немесе наразылығын жеткізу үшін пайдалануға болатын мүмкіндіктер бар. Дүние жүзінде Ресей Федерациясымен құрлықтағы ең ұзын шекарасы бар ел, менің ойымша, біздің тарихи және географиялық жақындығымызға қарамастан, қазіргі жағдайда Батыстың санкцияларына назар аударуға тырысқаны өте қауіпті, - деген болатын.

Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Константин Затулинді Арменияға кіргізбей қойған.

Барлық жаңалықтар