00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Президент Корея Республикасының Сыртқы істер министрін қабылдады

01.06.2023 | 15:30
33
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинді қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пак Чжин екіжақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Корея арасындағы сауда, инвестиция және технология салаларындағы өзара қарым-қатынастардың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

 Өздеріңізге мәлім, Корея біз үшін Азиядағы негізгі серіктестердің бірі ретінде өте маңызды. Екіжақты ынтымақтастық бағытындағы барлық жетістікті жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар екіжақты сауда көлемі 6 миллиард доллардан асқанына өте қуаныштымын. Дегенмен бізде мол мүмкіндік бар. Оны болашақта пайдалану қажет. Сондықтан сіздің бұл сапарыңыз – өзекті халықаралық мәселелер жөнінде өзара пікір алмасу үшін жақсы мүмкіндік. Қазақстан мен Кореяның негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдары ортақ. Халықаралық аренада да, екіжақты форматта да бізді жақындата түсетін көптеген ортақ істеріміз бар деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.


Мемлекет басшысы KIA автомобиль өндірісін, Hyundai зауытының жұмысын, ферроқорытпа және болат өндірісін, «Ақылды ферма» жобасын және басқа да бастамаларды мысалға келтірді. Сонымен қатар Президент елдеріміз арасында екіжақты қарым-қатынастың берік институттық желісі қалыптасқанына назар аударды. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-корей үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңес осы байланыстарға дәнекер болып отыр. Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған құрылымдардың әлеуетін толық пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде Оңтүстік Корея дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел Президенті Юн Сок Ёльдің сәлемін жеткізді және Қазақстанмен екіжақты және аймақтық негіздегі серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.

Сіздің көреген басшылығыңызбен Қазақстан осы орнықты экономикалық өсімді жалғастырады деп сенемін. Сонымен қатар біз Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды және заң нормалары мен демократиялық құндылықтарды нығайту жөніндегі Сіздің жеке күш-жігеріңізді қолдаймыз. 1992 жылы дипломатиялық қатынас орнағаннан бері екіжақты серіктестігіміз дәйекті дамып келеді. Әсіресе 2009 жылы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылғаннан кейін қарқынды дами түсті. Осыған байланысты қарым-қатынасымызды нығайту үшін одан әрі ілгерілеуді жалғастырамыз. Біз тек дәстүрлі салада ғана емес, цифрлық технологиялар, денсаулық сақтау, энергетика және қоршаған ортаны қорғау секілді жаңа салаларда да тығыз серіктестікті дамытып жатырмыз. Екі ел арасындағы белсенді дипломатия – екіжақты қатынастарды дамытудың қозғаушы күші, – деді Пак Чжин.

Кездесу барысында жаһандық және аймақтық күн тәртібіне, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара қарым-қатынасқа қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

 

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар