00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді

20.02.2024 | 14:00
68
Фото: ашық дереккөз

Депутаттар бірінші оқылымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобасы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерді қарайды, деп хабарлады Elorda.info  Мәжілістің баспасаөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша заң жобасы да бірінші оқылымда қаралады.

Отырыстың күн тәртібінде 2 халықаралық құжатты ратификациялау мәселесі де бар.  Олар:

– Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Қазақстан мен Түркия арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісім.

Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері кейбір заңнамалық актілерге оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру туралы және құқық қорғау қызметі туралы заң жобаларын өндіріске алады.

Барлық жаңалықтар