00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Мемлекет басшысының Ереванға ресми сапары басталды

15.04.2024 | 11:49
64
Президент
фото: akorda.kz

Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.

Барлық жаңалықтар