00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Мемлекет басшысы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

11.09.2023 | 11:30
42
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады Elorda.info

Бұл туралы ақорданың ресми сайты хабарлады

Мағзұм Мырзағалиев, Ұлттық компания қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет берді; компания мұнайдың отандық бренді KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) өндірісі басталғанын айтты.

Сонымен қатар оның айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағармай жөнелту қарқыны, соның ішінде күзгі жиын-терін маусымында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету ісі жөнінде баяндады: «ҚазМұнайГаз» компаниясы егін жинау науқанына 426 мың тонна дизель отынын бөлген.

Ұлттық компания басшысы Президентке компанияның танкер флотын кеңейту, соның ішінде Каспий теңізі мен басқа да ашық теңіз акваторияларында энергетикалық ресурстарды тасымалдауға арналған ірі тоннажды танкерлер санын көбейту жұмыстары туралы мәлімет берді. 

Қабылдау кезінде ұлттық компанияның өңірлерде жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалары жөнінде есеп берді: Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын ауызсумен қамтамасыз ету үшін жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталғаны және Астрахан – Маңғышлақ магистральды су құбырын реконструкциялау жұмыстарының барысы жөнінде баяндады, -делінген ақпаратта.

Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортын арттыру және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Президент мұнай мен газды терең өңдеу саласына баса мән беру маңызды екенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар