00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Үкімет келер жылы 16 жаңа заң жобасын әзірлейді

07.11.2023 | 08:00
47
Фото: primeminister.kz

Үкіметтің кезекті отырысында министрлер кабинетінің заң жобалау жұмыстары жоспарының 2024 жылға арналған жобасы қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Әділет министрі Азамат Есқараев келесі жылы цифрлық технологияларды, әлеуметтік саланы, зияткерлік меншік институтын, инновациялық қызметті, ғарыш саласын және т.б. дамытуға бағытталған заң жобаларын әзірлеу жоспарланып отырғанын баяндады. Бұл ретте 2 құжат – Цифрлық кодекс және нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы заң жобасы бұрын реттелмеген қоғамдық қатынастарды регламенттеуге бағытталатын болады.

Министрдің айтуынша, бірқатар заң жобасы Құқықтық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасынан шығып отыр. Сондай-ақ мұның жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге қатысы бар.

Сонымен қатар қылмыстық жолмен түскен кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан шығып отыр.

Жалпы жоспардың жобасы Президенттің, Үкімет басшылығының тапсырмалары, стратегиялық құжаттар, мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде дайындалып, өзекті қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған.

Премьер-министрдің айтуынша, келесі жылы Үкімет 16 заң жобасын әзірлеуді көздеп отыр, олардың сегізі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ Парламентке 4 жеке заң жобасын енгізу жоспарланып отыр.  

Солардың ішінде Цифрлық кодекстің жобасын ерекше атап өткім келеді. Онда отандық және үздік әлемдік тәжірибе ескеріліп, цифрландыру саласындағы бірыңғай тәсілдер айқындалады, - деді Әлихан Смайылов. 

Қорытындылай келе, Премьер-министр Үкімет Аппаратына жоспардың жобасын Мемлекет басшысының келісуіне енгізуді тапсырды.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар