00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Халықпен бірге!» бағдарламасының іске асу барысы талқыланды

27.10.2023 | 12:53
56
Фото: дереккөз

Бүгін «АМАNАТ» партиясы Астана қалалық филиалында «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру барысы туралы Астана қалалық мәслихатындағы фракциясының VI  жиналысы өтті, деп хабарлады Elorda.info

Фракция отырысында қатысқан «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы Атқарушы хатшысы Сактаған Сәдуақасов, Астана қаласы мәслихатының Төрағасы Ерлан Каналимов, Астана қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Ғабит Тәжімұратов және Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов, Астана қалалық филиалы «АМАNАТ» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру барысы туралы баяндама жүргізді.

фракц 2.jpg

Қала әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов жетекшілік ететін 3 бағыт шеңберінің мәселелеріне нақты тоқталып кетті: 

 I. Өмір сүру сапасын арттыру, 

II. Өмір сүру жағдайларын жақсарту, 

III. Экологиялық жағдайды жақсарту. 

Білім беру саласы. Үш ауысымда оқытуды азайту және мектептердегі толып кетуді азайту мақсатында 2023 ж. екі ауысымда 15 100 орындық 4 мектеп пен 6 қосымша құрылысты аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мың орындық 24 мектептің құрылысы басталды.

Қосымша білім беру. Биыл қосымша білім берумен қамту 80%-ға жуық құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті (мектептерде 2188 үйірме мен секция жұмыс істейді, оларға 158185 оқушы қатысады). Соңғы 3 жылда қалада 13 қосымша білім беру нысаны ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2029 жылға дейін 15 қосымша білім беру нысанының құрылысы жоспарланған.

 Денсаулық сақтау саласы.  Елордада халық санының өсуін ескере отырып, денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын дамыту қолға алынды. Биыл 2 нысанның құрылысы аяқталуда. 250 жатын орыны бар екі перинаталды орталық, оның бірі «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен салынады. Теміржол вокзалындағы амбулаториялық кешен Ауысымына 250 келушіге арналған Өндіріс, Ақан сері мен Еңлік-Кебек көшелерінің қиылысындағы 300 орыны бар көпсалалы қалалық аурухана.

Спорт саласы. Ағымдағы жылы «Үркер» және «Железнодорожный» тұрғын алаптарында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Аталған іс-шаралар халықтың спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтылуын 1000 (мың) адамға 33,5%-ға (Отыз үш жарым пайызға) дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Қолжетімді баспана. Мұқтаж азаматтарды арендалық және несиелік баспанамен қамтамасыз ету мақсатында биыл құрылыс бөлімі құрылыс жұмыстарын жүргізуде 2548 пәтерлік 6 тұрғын үй кешені, 5 тұрғын үй кешенінің аяқталу мерзімі 2024 жылдың аяғында жоспарлануда. 

Жол және қоғамдық көлік. Жыл соңына дейін автопаркті 400 автобусқа көбейтуді жоспарлануда, оның 90-ы сатып алынып, жұмыс істеп тұр. Бұл автобустардың аралығын едәуір қысқартып, қосымша жаңа бағыттар ашуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық кеңестіктер. Биыл 165 қоғамдық және аулалық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда,- деді қала әкәмәнәі орынбасары.

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы Атқарушы хатшысы Сактаған Сәдуақасов:

Мәслихаттағы «АМАNAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің депутаттық фракциясы туралы ережеге сәйкес, фракция мүшелері партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде және өз округтеріндегі жергілікті жерлерде азаматтарды жеке қабылдауды кестеге сай өткізуге міндетті. Өтініштердің мәні мен олар бойынша қабылданған шаралар туралы партияның қалалық филиалына есеп беру, сайлаушылармен кездесулерде партия шешімдерін түсіндіру бойынша сөз сөйлеп, сайлаушыларға партия саясатын насихаттауға және түсіндіруге белсене қатысу, сондай-ақ партияның сайлауалды комиссияларының отырысына қатысу, Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жүргізлуі тиіс,- деді.

Ал Астана қаласы мәслихатының Төрағасы Ерлан Каналимов:

Құрылыс жұмыстарын қарағанда, мәдениет орталықтары мен спорт кешенінің қосылып салынған нұсқасын көрсек болады. Жеке-жеке болғаны дұрыс. Әр қайсысына бөлек қаржы бөлінген. 500 орынды актовый зал салынса, мерекелік шара өткізуге қолайлы болар еді. Сонымен қатар, өрт жүйесі құрал-жабдықтары жеткіліксіз. 18 учаске бөлімі салыну жоспарланған, 4 учаске жөндеу жұмыстары басталып кетті. Тағы бір қарастыратын мәселе - суару жүйесі. Осы жылы егілген табиғи ресерстың 70 пайызы суару жүйесінің қараусыз қалғандығынан жарамсыз болып қалған,- деді.

Астана қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Ғабит Тәжімұратов атап өткендей, сайлауалды бағдарламаның орындалуын жан-жақты бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне баса назар аударды.

Жалпы, жол картаның орындалуына жасалған мониторинг қорытындысы талқыланып, қаралған мәселелерге депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылды.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар