00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ерлан Қарин: Мемлекет басшысы жалпыұлттық бірегейліктің нышандарын тағы бір рет атап өтті

27.04.2023 | 15:42
49
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысы туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Ерлан Тынымбайұлы бұл туралы Telegram-арнасында жазды. 

Оның айтуынша, форум еліміздегі маңызды саяси оқиғалардың бірі екені анық.

Мемлекет басшысы Ассамблеяда сөйлеген сөзінде мемлекеттік құрылыстың іргетасы этносаралық келісім мен бірлікке негізделетінін аңғартты. Этносаралық қатынас бағытындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін кешенді міндеттер қойылды.

Президент сөзінің негізгі түйіні мынадай тұжырымға саяды: жалпыұлттық бірегейлікті әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани құндылықтарды негізге ала отырып, табиғи әрі тарихи жолмен қалыптастыру және дамыту керек.

Президенттің айтуынша, «Біздің барша халқымыз өздерін үлкен және біртұтас қазақ ұлтының ажырамас бөлігі ретінде сезінеді», «ондағы әрбір этнос достықты, үйлесімділік пен келісімді нығайтуға баға жетпес үлес қосып отыр».

Осы орайда Мемлекет басшысы жалпыұлттық бірегейліктің нышандарын тағы бір рет атап өтті.

Бірінші, азаматтық бірегейлігімізді танытатын көк төлқұжат.

Бұл барлық азаматтың тең және мемлекеттің қорғауында екенін көрсетеді.

Екіншісі, Қазақстанның тәуелсіздігін, оның ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мемлекеттілігін бейнелейтін аспан түстес көк байрақ, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысы өтті.

Барлық жаңалықтар