00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде жүзеге асырылған саяси реформалар аймақтағы бірегей құбылысқа айналды – Ерлан Қарин

05.06.2023 | 12:00
43
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бір жыл бұрынғы республикалық референдумда Конституцияға енгізілген өзгерістердің маңызы туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бір жыл бұрын қазақстандықтардың басым бөлігі, яғни азаматтардың 77,18 пайызы республикалық референдумда ел Конституциясын өзгерту туралы заң жобасын жақтап дауыс берді. Конституцияға енгізілген түзетулер Президент, Парламент және сот институттарын реформалауды көздеді. Осылайша, Мемлекет басшысының 2022 жылдың 16 наурызында жарияланған Жолдауында айтылған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасы Конституциялық тұрғыдан бекіді. Бұл референдум Қазақстан қоғамы үшін маңызды оқиға болды. Өйткені біз ел дамуындағы жаңа кезеңге қадам бастық, - деп жазды Мемлекеттік кеңесші Telegram парақшасында.

Қаринның сөзіне қарағанда, ең бастысы, референдум – қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Оны Президент және Парламент сайлауларында анық байқадық.

Жалпы, елімізде өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған түбегейлі саяси реформалар аймақтағы бірегей құбылысқа айналды. Қазақстан жаңа күн тәртібін белгілеп берді.

Конституциялық реформа мен соңғы сайлау циклі жаңа саяси жүйенің келбетін қалыптастырды. Президенттің саяси жаңғыру бағдарламасын іске асыру жалғаса береді. Алдымызда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы тұр, - дейді Мемлекеттік кеңесші.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар