00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Бақытжан Базарбек: Мен ойыншы емеспін

16.07.2023 | 18:13
52
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі заңгер Бақытжан Базарбектің казинода отырған сурет тарады, деп хабарлады  Elorda.info 

Аталған сурет әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Осыған байланысты мәжілісменннің өзі Facebook желісіндегі парақшасында жауап берді. 

Казинодағы суреттеріме қатысты! Объективті ақпаратқа сенуге және жалған ақпаратқа берілмеуге кеңес беремін. Бұл сурет 7 ай бұрын, Мәжіліс депутаты болып сайлағанға дейін, дәлірек айтсақ, 2022 жылғы 24 желтоқсанында Қонаев қаласында казинода түсірілді, онда жұбайым екеуміз бір танымал поп-топтың концертіне келдік. Суреттегі фонда шырша тұрғанын байқасаңыз, менің үстімде де қысқы жемпір. Достар, мен ойыншы емеспін, ешқашан казинода ойнаған емеспін және мұны мен бақылап тұрған немесе жұбайыммен тәттімен шай ішіп отырған суреттерден көруге болады, - деп жазды депутат.   

Барлық жаңалықтар