00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстан мен Үндістанның бірлескен әскери оқу-жаттығуы басталды

01.11.2023 | 03:30
42
Фото: дереккөз

Гвардейск гарнизонының танк бригадасы алаңында Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарында көзделген бірлескен оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілерге қарата «Оңтүстік» ӨңҚ қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, полковник Бауыржан Күреңкеев пен үнді контингентінің командирі полковник Машин Пант сөз сөйледі.

Қазақстан мен Үндістан жаттығулары бесінші рет өткізіліп жатыр. Жылдан жылға үнді әріптестермен қарым-қатынас та нығайып келеді. Осындай бірлескен маневрлер басқару органдарының жедел топтасуын және бөлімшелердің үйлесімділігін арттыруға бағытталған. Оқу-жаттығу барысында командирлер іс жүзінде қарулы күрестің күш-құралдарын басқаруға машықтанады, – деп атап өтті полковник Б.Күреңкеев.

Қазіргі жаттығулардың ерекшелігі – қатысушылар құрамын арттыру. Құрлық әскерлерінің бөлімшелерімен қатар бұл жаттығуға екі елдің Әскери-әуе күштерінің әскери ұшқыштары, сонымен қоса Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды.  

Мұндай оқу-жаттығудың жылда өтуі Үндістан мен Қазақстан Қарулы күштері арасындағы берік байланысты көрсетеді, – деп атап өтті Үндістан контингентінің командирі полковник Маниш Пант. – Жаттығулар біздің ортақ қауіпсіздігімізге ықпал етіп, өңірдің бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтау үшін маңызды.

Аумалы-төкпелі жағдайда әскери контингенттер терроризмге қарсы операция жүргізеді, сондай-ақ қалалық және ауылдық жерлерде қақтығыстардың тактикалық эпизодтарын пысықтайды. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді ескере отырып, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және радиоэлектрондық күрес мамандары шартты қарсыластың ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларына қарсы іс-қимыл жасау міндеттерін орындайды.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар