00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық артады

14.10.2023 | 05:30
49
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Астанаға жұмыс сапарымен келген БАӘ-нің Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауимен кездесті, деп хабарлады Elorda.info

Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Барлық бағыттардағы тұрақты байланыс саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етуде.

Мемлекеттік басқару саласындағы өзара іс-қимыл Үкіметаралық ынтымақтастықтың жаңа бағдары ретінде айқындалды. Атап айтқанда, осы жылдың ақпан айында Дубай қаласында қол қойылған Даму және жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Үкіметтер арасында тәжірибе алмасу бағдарламасы» бойынша жұмыс басталды. Қазақстан мен БАӘ-нің сарапшы топтары мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жасанды интеллект, бағдарламалау, туризм және смарт-қызметтер сияқты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын анықтады.

Қазақстан өзара ақпарат және пайдалы тәжірибе алмасу арқылы мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі, — деді Ғ. Қойшыбаев. 

Кездесу аясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин араб тарапына Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерін, атап айтқанда «e-government», Smart Data Ukimet инфрақұрылымын, Орталық Азиядағы Astana Hub ірі халықаралық технопаркінің жұмысын көрсетті.

Өз тарапынан М. Әл-Гаргауи қазақстандық әріптестеріне БАӘ Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесінде қолданылатын цифрлық шешімдерді таныстырды.

Кездесу соңында тараптар басым бағыттар бойынша тығыз өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға уағдаласты.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар