00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Ангола азаматы Президентпен қазақ тілінде сөйлесті

06.09.2023 | 04:01
39
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде болды, деп хабарлады  Elorda.info

Студенттермен кездесу кезінде аталған оқу орнында Ангола мемлекетінен келіп, білім алып жатқан Ферейра Элиша Мемлекет басшысымен қазақ тілінде сөйлесті. 

Кездесудің видеосы Ақорданың Telegram каналында жарияланды.

Біздің университетке қош келдіңіздер. Мен Анголадан келдім. Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын. Қазақ елі жасай берсін,-деді ол. 

Ангола азаматы аталған оқу орнының 4-курс студенті. 

Өз кезегінде Президент өзінің Біріккен ұлттар ұйымында қызмет етіп жүрген кезінде Ангола астанасы Луандада бір мәрте іс сапармен болғанын айтты.

Барлық жаңалықтар