00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Президент БАҚ саяси науқанды жан-жақты көрсеткенін атап өтті – Дархан Қыдырәлі

01.04.2023 | 01:01
ҒаниАтымтай
51

Мемлекет басшысы депутаттар мен Үкімет алдына бірнеше міндет қойып, елдің стратегиялық бағыттарын айқындайтын іргелі реформалардың жалғаса беретінін айтты. Мемлекет басшысы өз сөзінде жастарды қолдау, инклюзивті қоғам мен креативті индустрияны дамыту мәселелеріне де тоқталды. Бұл пікірді Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Дархан Қыдырәлі өзінің facebook-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Cонымен бірге ақпарат құралдары саяси науқанды жан-жақты көрсетіп, барша үміткерге тең мүмкіндік бергенін атап өтті.

Мәжілістің жалпы отырыстарын мемлекеттік арнада көрсету де қоғаммен дұрыс диалог жасаудың тиімді жолы деп есептейміз.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның қазіргі геосаяси жағдайда аймақта түбегейлі реформалар жасап жатқан бірден-бір ел екенін атап өтті.

Президент атап өткен әлеуметтік әділдік, заң үстемдігі, ел бірлігі, ішкі саяси тұрақтылық, адам капиталының сапасын арттыру мемлекеттің өсіп-өркендеуіне жол ашады деп ойлаймыз, - деді Дархан Қыдырәлі.



 

Барлық жаңалықтар