00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Мәжіліс төрағасының орынбасарлары тағайындалды

01.04.2023 | 00:57
Елорда ақпарат
40

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңның 9-бабының 8-тармағына сәйкес палата депутаттары арасынан Мәжіліс төрағасының ұсынуымен палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланатын екі орынбасары болады, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Оқи отырыңыз: Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

Ол өзіне берілген құқықты пайдалана отырып Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасарлары лауазымына депутат Альберт Рау мен мәжілісмен Дәния Еспаеваның кандидатураларын ұсынды.

Альберт Раудың кандидатурасын отырысқа қатысып отырған 97 депутаттың 96-сы қолдаса, 1 депутат қалыс қалды.

Дәния Еспаеваның кандидатурасын 97 депутаттың 94-і жақтап, дауыс берсе, 1 депутат дауыс бермеді, 2-еуі қалыс қалды.

Барлық жаңалықтар