00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Арменияда Қазақстандағы саяси реформалар талқыланды

01.04.2023 | 00:52
Елорда ақпарат
31

Қазақстан елшісі Болат Иманбаев Армения вице-премьері Мгер Григорянмен кездесу өткізіп, оның барысында түрлі салалардағы қазақ-армян екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Армян тарапы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасымен, сондай-ақ Қазақстандағы парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындылары туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді. Өз кезегінде М. Григорян сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, Қазақстан басшылығының саясатын жоғары бағалады әрі елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістердің өзектілігі мен маңыздылығын айтты.

Кездесу барысында Астана мен Ереван арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды тереңдету перспективалары бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Биыл Ереванда өтетін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысын және қазақ-армян бизнес-форумын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында осындай іс-шараларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар