00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қоғамдық кеңесінің құрамы жаңарды

31.03.2023 | 23:54
Елорда ақпарат
50

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жұмысына кірісті, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңестің жаңа құрамына елімізге танымал заңгерлер, ғалымдар, мемлекеттік басқарудағы сарапшылар және медиа-менеджерлер кірді.

Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына қатысқан Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның міндеттеріне тоқталып, мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағыттылған жобалар туралы айтты.

Біздің қызметіміз Мемлекет басшысы қойған міндеттерді толыққанды жүзеге асыру және халыққа шынайы, адал, ашық қызмет көрсететін, бюрократияға жол бермейтін сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыру бағытында жүргізіледі, - деді Д. Жазықбаев.

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мәселесіне қатысты Агенттік төрағасы «...мемлекеттік қызметті заман талабына сай түбегейлі жаңғырту тек құқықтық нормативтік құжаттарға өзгертулер енгізумен шектелмейді. Басты міндеттердің бірі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру. Әрбір мемлекеттік қызметші білімді және құзыретті болумен қатар, берген антына адал болып, елге қызмет етсем деген қағидатты ұстануы керек» деп тұжырымдады.

Отырыстың ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау бөлігінде Қоғамдық кеңестің басқарушылық және ұйымдық құрылымы, жұмыс құжаттары бекітілді.

Қоғамдық кеңес төрағасы болып бірауыздан заңгер, «Academy of labour relations» ЖШС бас директоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Бибігүл Нұрашева сайланды.

Басқосудың қорытынды бөлігі Қоғамдық кеңес төрағасының сөз сөйлеуімен аяқталды, ол өз әріптестерін заңда белгіленген құзырет шеңберінде мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның жұмыстары мен жобаларын белсенді ілгерілетуге шақырды.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар