00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Сайлау: Халықтың басым бөлігі еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды – Ерлан Қарин

31.03.2023 | 23:25
Елорда ақпарат
31

Мемлекеттік кеңесші сайлаудың алғышарты 2022 жылдың наурыз айында, яғни, Президент өз Жолдауында саяси реформалардың жан-жақты бағдарламасын ұсынғанда қаланғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ерлан Қарин бұл туралы өзінің Telegram арнасында жазды. 

Бір жылға жетпейтін уақытта партиялар үшін шынайы бәсекелестік орта қалыптасты, азаматтардың Парламент пен мәслихаттарға өзін-өзі ұсынуына жол ашылды. Мұны қолда бар статистика да дәлелдеп отыр. Мысалы, Парламент сайлауына барлық жеті саяси партия қатысып жатыр. Оның екеуі партия туралы заңнамаға өзгерістер енгеннен кейін тіркелді. Сондықтан партиялар арасындағы бәсекелестік бұл сайлау кампаниясының негізгі элементі болмақ.

Мәжіліс депутаты болуға партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша барлығы 892 азаматтың кандидатурасы ұсынылды (орташа есеппен 1 мандатқа 9 үміткерден келеді). Сайлауға қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділердің көптеп қатысып жатқаны (оның ішінде, әдетте билікті сынап жүрген азаматтар да бар) олардың жүргізіліп жатқан реформаларға сенімі мен қолдауын білдіреді, – дейді ол.

Мемлекеттік кеңесші елімізде соңғы жылдары болған барлық өзгерістерді жұртшылықтың қызу қолдап жатқанын айтты.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше, қазақстандықтардың 71,7 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды, – деді Е. Қарин.

Барлық жаңалықтар