00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстан мен БАӘ мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты дамытады

31.03.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
32

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары шеңберінде Shaping Future Governments (Болашақ үкіметтерді құру) тақырыбында өткен Дүниежүзілік үкіметтік саммитіне қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Шараға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, жетекші халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, мемлекеттік басқару саласындағы беделді сарапшылар, сондай-ақ 280-нен астам үкіметтік делегация мүшелері қатысты.

Саммит аясында Ғ. Қойшыбаев «Тәжірибе алмасу форумы» тақырыптық сессиясында сөз сөйледі, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әріптесі, БАӘ Министрлер кабинеті істері министрі Мұхаммед Абдалла Әл-Гергавимен Мемлекеттік басқаруды дамыту және жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар сапар аясында Ғалымжан Қойшыбаев Дубай Сауда-өнеркәсіптік палатасының, Ayana Holding және Metito компанияларының басшылығымен келіссөздер өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Қазақстанда бірқатар маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады және өзара ықпалдастық туралы тиісті меморандумдарға қол қойды.  

Әр жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік үкіметтік саммит 2013 жылы БАӘ вице-президенті – Премьер-министрі, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның бастамасымен құрылған. 

Саммит үкіметтік процестер және осы бағыттағы саясат, инновациялық технологиялар төңірегінде жаһандық деңгейде талқылау жүргізу үшін үкімет басшыларын, мемлекеттік қызметкерлерді, саясаткерлер мен жеке сектор жетекшілерін біріктіреді.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар