00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Сенаторлар еңбек дауларын реттеу туралы заңды талқылады

31.03.2023 | 22:30
Елорда ақпарат
33

Сенат депутаттары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының еңбек дауларын реттеу және келіссөз процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге қатысты заңды талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң келіссөздерді ұйымдастыруды жеңілдету, келісу комиссиялары институтын, еңбек арбитражын және еңбек дауларын шешудегі кәсіптік одақтардың рөлін күшейту мақсатында әзірленген болатын.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» заңына енгізілетін түзетулер қызметкерлерге еңбек арбитражына ұжымдық еңбек дауын қарау кезеңінде бір сағаттық ескерту ереуілін өткізу құқығын беруге, сондай-ақ ұжымдық еңбек дауларын шешудегі кәсіптік одақтардың рөлін күшейтуге көмектесетін болады.

Комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
01.05.2024 | 14:01
Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында өтетін келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
30.04.2024 | 11:04
Тоқаев: Сауд Арабиясы – Қазақстанның басты саяси серіктестерінің бірі
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26.04.2024 | 19:30
Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
26.04.2024 | 17:42
Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26.04.2024 | 16:45
Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
26.04.2024 | 15:29
Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
26.04.2024 | 14:53
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артады
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
25.04.2024 | 17:45
Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
25.04.2024 | 16:51
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
25.04.2024 | 15:55
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Барлық жаңалықтар