00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Ерлан Дәкенов: Алдағы сайлау – демократияландыру бағытындағы маңызды қадам

31.03.2023 | 22:09
Елорда ақпарат
82

Астана қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов әлеуметтік желідегі парақшасында Президенттің VII шақырылымдағы Мәжілісті тарату және Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекетіміздің сайлау жүйесі өзгеріске ұшырады. Президентіміз атап өткендей, бұл – демократияландыру бағытындағы маңызды қадам. Парламент пен Үкіметтің барлық негізгі саяси институттарын қайтадан іске қосу және жаңарту үшін қажет. Сонымен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойылды. Түбегейлі оң өзгерістерге алып келетініне сенеміз, – деді ол.

Сондай-ақ депутат жұртшылықты Жаңа Қазақстан құру жолында белсенділік танытуға шақырды.

#менсайлауғабарамын, #мендауысберемін, #сайлау202

Барлық жаңалықтар