Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның Астана саммитіне қатысуға шақыруын қабыл алғаны үшін БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің сапары Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Сіздің Астанаға сапарыңыз және ШЫҰ саммитіне қатысуыңыз Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз қарым-қатынастың жарқын белгісі саналады. Бұл біздің БҰҰ қызметіне атсалысып жатқанымызды көрсетеді. Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан және мен де Мемлекет басшысы ретінде БҰҰ-ның жұмысын жан-жақты қолдаймыз, – деді Президент.
Антониу Гутерриш өзінің сапарын БҰҰ-ның Қазақстанға және оның ШЫҰ төрағалығына көрсеткен қолдауы мен тілеулестігінің көрінісі ретінде қарастыратынын мәлімдеді.
– Қазақстан бейбітшілік жолындағы күрестің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Сіздің еліңіз бірігу ісінде дәнекер, соның ішінде өте күрделі жағдайларда әрқашан алтын көпір, бейбітшіліктің елшісі болды. Астана көптеген бітімгерлік бастамалардың, соның ішінде Сирия бойынша Астана процесінің орталығына айналды. Астана әрдайым бейбітшілік алаңы болды. Қазақстанның беделі зор. Сіздер ядролық қарусыздану саласында көшбасшы елсіздер және басқа да көптеген салада бейбітшілікке бейілді екендеріңізді танытып келесіздер, – деді БҰҰ Бас хатшысы.
БҰҰ Бас хатшысы Астананың Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығын жоғары бағалады. Антониу Гутерриш Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қолдайтынын, еліміздің жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сонымен қатар кездесуде Орталық Азия мемлекеттері арасындағы аймақтағы кооперацияны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. БҰҰ Бас хатшысы өңірдегі экономикалық интеграция үдерісіне жоғары баға беріп, оның жаһандық мәселелерді шешудегі әлеуеті зор екеніне тоқталды.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)