00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Мәскеуге ресми жауап бермейміз!» – ҚР СІМ өкілі Украинаның Буча қаласындағы киіз үйге қатысты

31.03.2023 | 21:49
Елорда ақпарат
44

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинаның Буча қаласында құрылған киіз үйлерге қатысты түсінік берді, деп хабарлады Elorda.info.

Киіз үй қойылды, бұл жерде қандай проблема бар? Киіз үй тігу жеке қазақстандық компаниялардың бастамасы. Азаматтар өздері апарып, көмектесіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, киіз үй тез құрылып, тез жиналады. Бұл - біздің меценаттардың Украина халқына көмегі. Сондықтан бұл жерде проблема көріп тұрған жоқпыз. Қазақстанда және Украинада екі елдің диаспоралары бар. Әрине, Украинада жағдай қиын, мүмкін сондықтан бұл ақпарат басқаша көрініп жатқан шығар, - деді Үкімет үйінде тілшілердің сауалына жауап берген ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің және Украинадағы Қазақстан елшілігінің қатысы жоқ.

Ресейлік әріптесіме айтарым, бұл - өзіміздің, халықтың мәселесі. Сондықтан біз ешқандай ақталып жатқан жоқпыз. Киіз үйлер қойылды. Ресми жауап бермейміз, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Украинаның Буча қаласында қазақтың киіз үйлері тігілгені хабарланған еді. Бұған қатысты бүгін Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова «қазақстандық достар ресми түсініктеме бергені дұрыс болар еді» деп мәлімдеген болатын.

Барлық жаңалықтар