00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан мен Швейцария арасындағы үкіметаралық екі келісім күшіне енді

31.03.2023 | 21:48
Елорда ақпарат
30

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы елшісі Дэвид Грихтингпен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында Швейцария тарапының дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы және дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы екі үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы ноталарын қабылдады.

Осылайша, аталған екі құжат бүгіннен бастап күшіне енді. Соның арқасында екі елдің дипломатиялық және қызметтік паспорттарының иелері визасыз (30 күнге дейін) өзара сапарлар жасай алады, ал дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлерінің отбасы мүшелері екі елде де ақылы еңбек қызметімен айналысуға құқылы.

Сұхбаттастар аталған келісімдер екі мемлекет арасындағы тығыз және өзара тиімді саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, Швейцарияда орналасқан көптеген халықаралық ұйымдардың жұмысына ҚР өкілдерінің неғұрлым белсенді қатысуына, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тараптар аумағында болуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететініне ортақ үміт білдірді.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Р. Василенко барлық негізгі бағыттар бойынша екіжақты әріптестіктің серпінді және үдемелі дамуын атап өтті, сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Сұхбат соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді түрде қолдауға келісті.

Барлық жаңалықтар