00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ерлан Қарин ҚСЗИ Ғылыми кеңесінің отырысына қатысты

31.03.2023 | 21:30
Елорда ақпарат
31

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің қорытынды отырысына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Жиын барысында ҚСЗИ-дің директоры Еркін Тұқымовтың институттың 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2023 жылға арналған жоспарларына қатысты баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар ҚСЗИ директорының орынбасарлары С.Көшкімбаев, А.Жолдыбалина, Б.Әбеновалар ғылыми мекеменің қызметіндегі негізгі мәселелер мен мақсат-міндеттері жайында есеп берді.

Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде ҚСЗИ мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарын сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеуде маңызды миссия атқарып келе жатқанын атап өтті.

Ерлан Қарин ҚСЗИ өзінің кадрлық әлеуетін алдағы уақытта да арттыра беруі, аймақтағы сарапшылар қауымдастығымен қарым-қатынасты бекіте түсуі, зерттеу тәсілдерін жетілдіруі, оның ішінде әлеуметтік зерттеулерді кеңейтуі қажет екенін айтты.

Барлық жаңалықтар