00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Үкіметте Алтай Көлгінов қандай мәселелерге жетекшілік етеді

31.03.2023 | 20:56
Елорда ақпарат
32

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өзінің жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Ол Үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді.

Вице-премьер білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты және т.б. мәселелерді бақылауына алады.

Әлихан Смайылов Алтай Көлгіновке жаңа лауазымда жұмысының табысты болуын тіледі.

Барлық жаңалықтар